Мектеп директоры

Байдилдина Гулнар Мирзахметовна 1976 жылы туған, білімі жоғары. 2006 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. Бастауыш сынып мұғалімі.
Еңбек жолын 1994 жылы Торғай облысы, Амангелді ауданы, Тимошин негізгі мектебінде музыка пәнінің мұғалімі болып бастады.
2000-2001 жылдары Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Бөрлі орта мектебінің музыка және ән мұғалімі болып жұмыс істеді.
2001-2008 жылдары Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Дөң орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2008 жылдан 2014 жылға дейін Ақмола облысы Аршалы ауданы Михайловка ауылындағы "Колокольчик" балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалды.
2014 ж. - Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кентінің "Ж. Тәшенов атындағы орта мектебі" КММ директоры.