«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар беру бойынша жүргізілген жұмыс

11.05.2020

2019-2020 оқу жылында Ақмола облысы Аршалы ауданы  Ж.Тәшенов атындағы орта мектебінің  кәсіптік бағдар беру бойынша жүргізілген жұмыс есебі

 Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде Ж.Тәшенов атындағы орта мектебінің мектеп әкімшілігімен келісе отырып жыл бойы жүргізілді .

Кәсіптік бағдар беру- қоғамның қажеттілігіне қарай –әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып , кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектеседі сонымен қатар мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды .

Ж.Тәшенов атындағы орта мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А:А: Әбдірайымова, мектеп психологы А.К.Сембиева, сынып жетекшілерімен қатар ата – аналарда қатысты.  Ж.Тәшенов мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары 130 оқушымен (7-11 сынып оқушылары) жүргізілуде. Мектепте 2 кәсіптік бағдар беру жұмыс бұрыштары бар .

  

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары әр түрлі  формаларында жүргізіліп жатыр. Мысалы:  Практикалық, теориялық(дебат, пікірталас, кездесулер,экскурсиялар,іс-шаралар).

Көптеген ата – аналар өз балаларының  болашақ мамандығын таңдауға баласының білімін , қызығушылығын  немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді. Сондықтан да мектептің ата аналарымен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралары орын алуда. Ол ата-аналар жиналысында түрлі тренингтер, әлеуметтік , психофизиологиялық  саулнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы қозқарасына , ұстанымдарына әсер етуге болады.

  

 

Оқушылардың мамандық таңдауға  қызығушылығын арттыру,елімізге қандай мамандықтар қажеттілік етеді, оның даму келешегіқандай екендігін білу мақсатында және мамандықтардың түрі, ерекшелігі, маңызы мен мәні туралы түсінік, мамандыққа қойылатын талаптармен таныстыру үшін колледж (Нұр-Сұлтан қ. Басқару колледжі, Нұр-Сұлтан қ. ҚАЗТБУ колледжі, Аршалы ауданы , Агротехникалық колледж № 4) және ЖОО( Нұр-Сұлтан қ. ҚАЗТБУ, Нұр-Сұлтан қ. ҚазЭҚХСУ,)  мамандары келіп 9-11 сынып оқушыларына презентация, таныстыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    

Сонымен қатар «Мамандығым-болашағым» тақырыбында мектеп психологы А.К.Сембиеваның ұйымдастыруымен сыр – сұхбат алаңы өткізілді. Сыр-сұхбатқа қонақ болып Аршалы ауданының зейнеттегі хирург маманы, ардагер, 16 жыл  басқарғаган  Биджиев Владимир Махмудұлы қатысты. Мақсаты: дәрігер таңдаған оқушыларға бағыт беру . Сенімділігін ояту , дәрігерліктің  қыр-сырын таныстыру. 

   

Оқушылар болашақ мамандығын таңдау барысында қателеспеу ол үлкен жауапкершілік талап етеді. Сол мақсатта мектеп оқушыларын  Аршалы ауданы Агротехникалық колледж № 4 , Аршалы ауданы қалалық балалар кітапханасына, Аршалы ауданы 6505 әскери бөліміне сонымен қатар Аршалы ауданы Төтенше Жағдай бөліміне экскурсияға барды.

  

Мектеп оқушыларымен профессиографиялық зерттеу жыл бойы жүргізілуде. Оқу жылы басталғаннан кейін, жоспарға сәйкес 7-11 сынып оқушыларынан 2-сауалнама, 5-сауал алынды. Осы сауалнама және сауал нәтижесіне қарай кәсіби бағыт беру жұмыстарының формалары бекітілді.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 11.05.2020 23:28
Құрылған күні: 11.05.2020 23:28

Текст