Текст
Жолда жүру ережесімен балалар мектепке не балабақшаға алғаш келген сәтінен таныстырылады. Себебі жолда жүру ережесін сақтау өте маңызды. Балалар жолдан өткенде әсіресе абай болуы қажет. Бағдаршам тілін үйрету де қажет. Ал жол бойындағы тақтайшалардағы түрлі белгілер ол жаяу жүргіншілерге арналмаған, олар көлік жүргізушісіне арналған тақтайшалар екенін түсіндіру ата-ана мен ұстаздардың міндеті. «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акция барысында "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздарымен балаларға «Абайла , жасөспірім!» тақырыбында жадынамалар таратылды