«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республиканский конкурс «МЕН – МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНЫМЫН»

16.05.2018

«МЕН – МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНЫМЫН»

         «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Астана – еліміздің жүрегі. Астана – сан

түрлі арман-қиялдарды жүзеге асырып, сан қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан

керемет те көркем қала. Астананың 20 жылдық тойы – бұл Қазақстанның шаттыққа

толы мереке болуымен қатар елдің кезекті даму биігіне қол жеткізген бүкіл

халқымыздың үлкен жеңісі.

         Осы мерейтой қарсаңында №3 Аршалы орта мектебі мен ЖОО серіктестігі аясында ауданымызда  Астананың 20 жылдығына орай «Мен -  мәңгілік ел ұланымын» атты Республикалық сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайыс «Астана – шабытымның шалқары» Жас ақындар номинациясы, «Астанам –елімнің жүрегі» мәнерлеп оқу, «Ел болашағы менің көзіммен» - суретшілер номинациясы және «Ғылыми жоба» номинациялары бойынша

өткізілді. Сайысқа  Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай облыстарынан, Астанадан 

және  Аршалы ауданынан оқушылар қатысып, бақтарын сынады. Мұндай Республикалық дәрежедегі сайысты ұйымдастыру үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. №3 Аршалы орта мектебінің директоры

Байдилдина Г.М. мен  ұйымдастырушы ұстаздар  қауымы осы міндеттерін

абыроймен атқарып шықты.   Байдилдина  Г.М. ашылу салтанатында:   «Аршалы – киелі мекен, ұлт жанашыры, қоғам

қайраткері Жұмабек Тәшеневтің, Иманжүсіп Құтпанұлының  туған жері. Бұл сайыстың біздің Аршалы

ауданында өтіп жатқаны тегіннен- тегін емес» - деп атап айтқан болатын. Сайыс өте  жоғары дәрежеде өтті.

Просмотров: 497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст