Текст
04.09.2025
Әскери қызмет – кез-келген ер жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Елді, жерді қорғау жолында атқаратын әскери қызмет әрбір азаматтың қасиетті борышы. Патриоттық тәрбие беру осы мектеп қабырғасынан бастау алатыны белгілі. Соған орай бүгін мектебімізге ауданымыздың ҚІЖБ басшысы подполковник Қанат Оралбайұлы келіп, 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, әскери оқу орындары мен әскери қызметшінің еңбек жолы жайлы әңгіме жүргізілді. Оқушылар Қанат Оралбайұлынан әскери қызмет, азаматтық парыз жайлы, Отан алдындағы әскери борышты өтеудің маңыздылығы төнірегіндегі сұрақтарға жауап алды.
