05.09.2025
Құрметті ұстаздар, оқушылар және тіл жанашырлары!
5 қыркүйек — Қазақстан халқының тілдер күні, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Бұл — ұлттың рухын, елдің бірлігін, халықтың болмысын айқындайтын қасиетті тіл мерекесі.
Тіл – әр ұлттың жүрегі мен жаны, өткені мен болашағы.
Қазақ тілі – бабалар аманаты, мәңгілік елдің тұғыры.
Ал еліміздегі барлық ұлт тілдері – бейбітшіліктің, татулық пен достықтың символы.
Осы орайда Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде тіл мамандарының ұйымдастыруымен "Тілге құрмет-елге құрмет" атты Қазақстан халқы тілдері күніне орай апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Әрдайым сөз құдіретін бағалап, тіл мәдениетін биік ұстайық!
Тіліміз – тірегіміз,
Татулығымыз – жүрегіміз!
Мереке құтты болсын!