09.09.2025
«ТЖМ-нің 30 жылдығына 30 игі іс» республикалық акциясы аясында Аршалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп Аршалы кентіндегі Ж. Ташенов атындағы жалпы білім беру мектебінде іс-шара өткізді.
Оқушыларға өрт сөндіру техникасы, жедел-құтқару жасағы мен трассо-медициналық-құтқару пунктінің техникасы таныстырылып, олардың жұмысы көрсетілді және негізгі қолдану мүмкіндіктері түсіндірілді. Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету және өрт сөндіргішті пайдалану бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, педагогтар мен оқушылармен бірге төтенше жағдайлар: өрт, жер сілкінісі және басқа да қауіп-қатерлер туындаған жағдайда не істеу керектігі бойынша практикалық жаттығулар жүргізілді.
Өткізілген іс-шара оқушылардың төтенше жағдайларда қауіпсіздік ережелерін білу деңгейін арттыруға және практикалық дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізді.