15.09.2025
Бүгін мектебімізде «Мерейлі отбасы» клубының ұйымдастыруымен тәрбиенің тал бесігі, адамгершілік пен ізгіліктің бастауы болған –мерейлі отбасылармен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне мерейлі отбасының жеңімпаздары қатысты. Кездесу барысында біз еліміздің құндылықтарының бірі – отбасы туралы сөз қозғалды. Отбасы – адам баласы дүниеге келіп, алғаш тәрбиеленетін, өмірлік құндылықтарды меңгеретін, адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланатын қасиетті ұя. Мерейлі отбасылармен кездесу — бұл оқушылар мен жастардың отбасы құндылықтарын терең түсінуі, ата-аналарға деген құрметін арттыруы мақсатында ұйымдастырылатын тәрбиелік шара өтті. Мұндай кездесулерде көп балалы, үлгілі, қоғамға үлес қосқан отбасылармен сұхбаттасу арқылы отбасының маңызы, бірлік, татулық, сыйластық сияқты ұғымдар дәріптеледі. «Мерейлі отбасы» жеңімпаздары Махановтар мен Сейдабзаловтар. Жеңімпаз отбасыларымыз ортаға өз өнерлерін мен қоса ойындар ойнап, бастарынан өткен қызықты сәттерін еске алды. Бүгінгі кездесуіміз – шын мәнінде отбасылық құндылықтар мен адамгершілік туралы тағылымды сабақ болды. Мерейлі отбасылар – елдің мақтанышы. Сіздерге зор денсаулық, татулық пен баянды бақыт тілейміз! Қашанда шаңырақтарыңызда шаттық орнасын!
«Мерейлі отбасы» клубының жетекшісі: