18.09.2025
2025 жылы 18 -қыркүйек күні қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай мектебімізде сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, ақынның даналық ойлары мен өнегелі сөздерін терең меңгерту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бағдарлама барысында:
• Оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды;
• Қара сөздерінің мағынасын ашты;
• Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайд-презентация көрсетілді;
• Ән-күй өнері арқылы ақын шығармашылығы насихатталды.
Шараға белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдірілді. Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, Абайдың өшпес мұрасын қастерлеуге тәрбиелейді.