«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылғы 19 - қыркүйек күні мектебімізде жалпы ата- аналар жиналысы өтті.

22.09.2025
2025 жылғы 19 - қыркүйек күні мектебімізде жалпы ата- аналар жиналысы өтті.
Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер құрамы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды полиция инспекторы, барлық сынып ата - аналары.
Жиналыстың мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мұғалім арасындағы серіктестікті нығайту, оқушының тұлғалық дамуына ықпал ететін орта қалыптастыру, мектептің қауіпсіз ортасын қамтамасыз етудегі бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсіндіру.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. 2025–2026 оқу жылына қойылған мақсат-міндеттермен таныстыру. Мектеп директоры Г.М.Байдилдина
2. “Бақытты бала - мейірімді ата - ана” атты тренинг:
Тәрбиеде ата-ананың белсенділігін арттыру, өзара серіктестікті нығайту жолдары. Мектеп психологы. А.Қ.Сембиева.
3. Қауіпсіз мектеп – бала болашағының кепілі:
Мектептегі тәртіп ережелері, төтенше жағдайлардың алдын алу, буллингтің алдын алу шаралары туралы ақпарат. Полиция майоры Н.Т.Мухамедин.
4. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы:
Оқушы бойында ұлттық құндылықтарға негізделген адалдық, жауапкершілік, тәртіптілік қасиеттерін қалыптастыру жолдары. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. А.Н.Бейсенбаева.
5. Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау.
Қорытынды:
Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан белсенділік байқалды. Ата-аналар тәрбие мен қауіпсіздік мәселесіне үлкен қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Өзекті сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді. Ата-аналар жаңа оқу жылына бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдірді.

https://www.facebook.com/reel/762332326621559

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст