Текст
26.01.2026
Мектебімізде 5-10 сыныптар аралығында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың мектеп ережелерін сақтауы, тәртібі, жеке бас гигиена талаптарын сақтауы, сабақтан босқа қалмауы, сабаққа кешікпеудің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға ішкі тәртіп талаптарын орындау, уақытты тиімді пайдалану, жауапкершілікті сезіну жөнінде нақты мысалдар келтірілді. Жиналыс соңында қойылған талаптарды сақтау әр оқушының міндеті екені ескертілді.