«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ж.ТӘШЕНОВ МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

04.03.2026
Ж.ТӘШЕНОВ МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Конституциялық реформа елдің саяси жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі болып, қоғамда кеңінен талқыланды. Ұсынылған өзгерістерді талқылау барысында азаматтардың мемлекет болашағына қатысты мәселелерге белсенді түрде қатысуға ұмтылатыны байқалды. Бұл қоғамдағы саяси мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің артқанын көрсетеді.
Реформаның негізгі мақсаты – құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, демократиялық институттарды дамыту және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Әсіресе Парламенттің өкілеттігін кеңейтуге, жергілікті өкілді органдардың рөлін арттыруға және қоғамдық бақылау тетіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Мұндай шаралар қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттырып, мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Реформа аясында адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты конституциялық кепілдіктерді кеңейту де маңызды бағыттардың бірі болды. Жаңа нормаларда адамның өмірі, қадір-қасиеті мен қауіпсіздігі басты құндылық ретінде айқындалып, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктері бекітілді. Бұл қоғамның әділетті әрі орнықты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырады.
Кездесу қорытындысында қатысушылар конституциялық реформалардың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
Просмотров: 94


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст