«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік оқырман – 2026»

22.02.2026
📚 «Үздік оқырман – 2026»
1–5 сынып.
📚 «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында «Үздік оқырман – 2026» байқауының ІІ кезеңі жоғары деңгейде өтті. Шараға 25 оқушы қатысып, өздерінің кітапқа деген сүйіспеншіліктерін, оқу мәдениеті мен ойлау қабілеттерін көрсетті.
📚 Жас оқырмандар оқыған шығармалары туралы әсерлі әңгімелеп, кейіпкерлердің болмысын терең түсінетіндерін көрсетті. Олар мәтін мазмұнын саралап, өз ой-түйіндерін еркін жеткізе білді. Байқау барысында балалардың шығармашылық ізденісі мен білімге құштарлығы айқын аңғарылды.
Байқау жас оқырмандардың шығармашылық қабілетін шыңдап, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады.
Барша қатысушыларға алғыс білдіре отырып, келесі кезеңде сәттілік тілейміз!
#кітапхана_айдары
#Балалар_кітапханасы
#ҮздікОқырман2026
Просмотров: 164


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст