27.03.2026
Ақмола облысында өткен "Үздік кәсіби бағдар беруші" облыстық байқауында
Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-кәсіби бағдар беруші маманы
Әбдірайымова Айнұр Асхатқызы "Кәсіби бағдар беру іс-шарасы жаңа формат" номинациясымен

І орын иеленді.
Байқауға ұсынылған «Болашақ мамандар жәрмеңкесі» іс-шарасы жаңа форматтағы кәсіби бағдар беру үлгісі ретінде жоғары бағаланды. Іс-шара барысында оқушылар мамандықтарды зерттеп, топтық жұмыс, цифрлық тапсырмалар, форсайт әдісі арқылы болашаққа бағытталған кәсіби ойлау дағдыларын қалыптастырды.
Бұл жеңіс — оқушылардың белсенді еңбегі мен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың нәтижесі.
Құттықтаймыз!

Жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!