16.03.2026
«Тарихтағы Жұмабек Тәшенов тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушыларды ел тәуелсіздігі мен жер тұтастығын қорғауда ерекше еңбек сіңірген тарихи тұлғаның өмір жолы мен қызметімен таныстыру. Көрмеге қайраткердің өмірі, саяси қызметі және ел тарихындағы орны туралы кітаптар мен деректер қойылды.
Көрме барысында оқушылар қазақ елінің тағдырына бейжай қарамай, халқы үшін аянбай еңбек еткен тұлғаның өнегелі өмірінен тағылым алды.