19.03.2026
18 - наурыз күні Ж.Тәшенов мектебінде бастауыш сынып оқушыларымен Ұлыстың ұлы күніне орай “Армысың, әз-Наурыз” атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, балалар асық ату, бес тас, таяқ тартыс, қол күрес, арқан тарту сынды ойындарға белсене қатысып, ептілік пен ұйымшылдықтарын танытты. Мереке оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған тағылымды шара болды.
https://www.facebook.com/reel/951846691119549