31.03.2026
Бүгін, мектепте оқушылардың тамақтану сапасын бақылау мақсатында бракеражды комиссияның кезекті мониторингі жүргізілді. Мониторинг барысында асханадағы тағамдардың сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, ас мәзірінің талапқа сай дайындалуы және оқушыларға ұсынылу жағдайы жан-жақты қарастырылды.
Қорытындылай келе, мектептегі тамақтануды ұйымдастыру және сапасы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланды.Алдағы уақытта тағам сапасын жақсарту, ас мәзірін түрлендіру және оқушыларды толық қамту бағытында жұмыстарды жалғастыру ұсынылады.