06.04.2026
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде 9–10 сынып оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға есірткінің адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берілді.
Кездесу барысында зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс шешім қабылдай білу дағдылары түсіндірілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
Мақсат – жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қорғап, олардың жарқын болашағына бағыт беру.