09.04.2026
Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты— оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
Іс-шара барысында «Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қайырмденов Жомарт Жамбылұлы сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге ақыл-кеңесін айтты, маңызды ақпараттармен бөлісті.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, тапсырмаларды орындады.
Мұндай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, саналы азамат болып өсуіне ықпал етеді.
https://www.facebook.com/reel/2418142231970156