10.04.2026
9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МОДО-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
Мектебімізде 9-сынып оқушыларына арналған МОДО-ға психологиялық дайындық жұмыстары жүргізілді.
Педагог-психолог Сембиева А.К. оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, МОДО-ның мақсаты мен маңыздылығын нақты әрі түсінікті жеткізді. Сонымен қатар тестілеу барысында тиімді әрекет ету, уақытты дұрыс пайдалану және өзін-өзі бақылау стратегиялары ұсынылды.
Сабақ барысында оқушылармен қысқа психологиялық тренинг өткізіліп, қобалжуды басқару, назарды шоғырландыру және ішкі сенімділікті сақтау дағдылары қарастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді.
МОДО-ға дайындық бойынша жадынамалар таныстырылып, рефлексиялық анкета ұсынылды. Бұл жұмыстар оқушылардың өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалап, сенімділікпен алға қадам жасауына бағытталды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде оқушылардың көпшілігінде өзіне деген сенімділік артқаны және МОДО-ға деген көзқарастың оң бағытта өзгергені байқалды.