30.04.2026
Ж.Тәшенов мектебінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Республикалық ағаш егу челленджі ұйымдастырылды. Бұл игі шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және оқушыларды табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Ағаш егу – тек көгалдандыру жұмысы ғана емес, ол – келешек ұрпаққа таза әрі жасыл орта қалдыруға бағытталған жауапты қадам. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас буынның бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.