«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебімізде 6-сынып оқушыларымен «Буллинг жағдайы: агрессор, куәгер және жәбірленуші» тақырыбында дебат ұйымдастырылды

04.05.2026
Мектебімізде 6-сынып оқушыларымен «Буллинг жағдайы: агрессор, куәгер және жәбірленуші» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Іс-шараны әлеуметтік педагог Г.С. Жангабулова және педагог-ұйымдастырушы О.Б. Дүйсен өткізді.
Дебаттың мақсаты – оқушыларға буллингтің мәнін түсіндіру, оның қатысушыларын (агрессор, куәгер, жәбірленуші) ажырата білуге үйрету, сондай-ақ жағдаяттарға сыни тұрғыдан қарап, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар екі топқа бөлінді: үкімет және оппозиция. Әр топ берілген тақырып бойынша өз ұстанымдарын қорғап, дәлелдер келтірді. Дебат кезінде қатысушылар бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасты. Оқушылар буллингтің себептері мен салдарын талқылап, оның алдын алу жолдары туралы өз ойларын ортаға салды.
Дебат нәтижесінде оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, бір-біріне құрметпен қарау, жауапкершілік сезімі қалыптастыру бағытында маңызды жұмыстар жүргізілді.
Оқушылар белсенділік танытып, тақырыпты жан-жақты түсінуге мүмкіндік алды.
 
Просмотров: 212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст