06.05.2026
«Түлек жолы – болашаққа сеніммен қадам»
13 сәуір 2026 жылы мектебімізде 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған маңызды жиналыс өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ, қорытынды емтихандар және мамандық таңдау кезеңінде психологиялық әрі кәсіби қолдау көрсету, ата-анамен бірлескен серіктестікті нығайту болды.
Жиналыс барысында директордың міндетін атқарушы Маханов Руслан Жалғасбайұлы қатысып, түлектер мен ата-аналарға ізгі тілегін білдіріп, жауапты кезеңде сәттілік тіледі.

Сынып жетекші Қасымова Ұлпатай Смағұловна оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, оқушылардың дайындық деңгейі мен алдағы емтихан кезеңінің маңыздылығы туралы ақпарат берді.
Профориентатор Әбдірайымова Айнұр Асхатқызы оқушылармен жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша ата-аналарды таныстырып, мамандық таңдау барысында оқушылардың қызығушылығы, қабілеті мен бейіміне қарай бағыт беру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қазіргі заман сұранысындағы мамандықтар туралы ақпарат ұсынып, болашақ таңдауда ата-ананың қолдауы ерекше маңызды екенін атап өтті.
Педагог-психолог Сембиева Айдана Құрманғалиевна ата-аналарға емтихан кезеңіндегі оқушылардың эмоционалдық жағдайына қолдау көрсету, қобалжуды төмендету және сенімді атмосфера қалыптастыру бойынша психологиялық кеңестер берді.
Кездесу барысында ата-аналар өз ойларын ортаға салып, пайдалы ақпараттармен танысып, маңызды сұрақтарына жауап алды.
Түлектердің жарқын болашағы – мектеп пен ата-ананың бірлескен қолдауы мен сенімінің нәтижесі!