Текст
12.05.2026
Мектепте тамақтану сапасының мониторингі бойынша бракеражды комиссияның кезекті тексеріс отырысы өткізілді. Тексеру барысында мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы, ас мәзірінің талапқа сай ұйымдастырылуы және тағамдардың сапасы қаралды.
Тексеру нәтижесінде асханадағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы қадағаланып, тамақ сапасын одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар берілді. Оқушылардың денсаулығын сақтау және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда екендігі атап өтілді.