Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп құлшындарған
Жадымызда сақталар өсиетің-демекші, осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір
адамға қарыздар. Ол- әрине ұстаз. Алғаш әліппенің бетін ашып әріп танытқан,
өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып
адамгершілікке баулыған ұстаздың бейнесі көңіл төрінен орын алады. Қазақтің бас
ақыны Абай атамыз:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға» дегендей, «Ұстаз» деген – мәңгі өшпейтін, мәңгі жасайтын
есім. Ол қай жерде жүрсе де әрбір шәкірт болған адамның жүрек түпкірінде болуы тиіс деп ойлаймын.
Ұстаз кім? Мұғалім ол дана.
Жасқа да, қартқа да
Қамқоршы сол ғана.
Ұстаз кім? Ұстаз – ол ер дихан,
Шыңдаған ерлікке, дарытқан мол білім, мол сана,- дегендей ұстаз- адам
өміріндегі ең қымбат жанның бірі. Ол шәкірттерінің көкірек көзін ашып, дүние танымын кеңейтіп, қияға қанат қақтыратын еңбекқор жан.. Өмірдің қыр-сырын білуге,
сан қилы құбылыстарды терең түсінуге, шәкірттерін адамгершілікке баулиды. Сондықтан да ұстаздарды құрметтеу керек. Біз ұстаздардың еңбектеріне бас иеміз.
№3 Аршалы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Мухамедиярова М.К.