«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Ауғанның отты жалыны” ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші

28.02.2019

“Ауғанның отты жалыны”

 ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші

         14 ақпан күні Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектебінде Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына және 1979-1989 жж. Кеңес-Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай аршалылық интернационалист-жауынгерлер Караматов Жанахмет Муратбаевич пен Татымтаев Рахимтай Тюлетаевичтердің қатысуымен “Ауғанның отты жалыны” атты кездесу кеші болып өтті. Бұл жыл ауған соғысы ардагерлері үшін айтулы мереке. Себебі, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешінің мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. 

         Кеш барысында мектеп оқушылары ардагерлерге арнау өлеңдер мен, мерекелік жыр шашуларын арнады. Мектеп директоры Г.М.Байдилдина сөз алып: “Сіздер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің лайықты ізбасарлары ретінде жастарға патриоттық тәрбие беруге үлкен үлес қосып келесіздер. Сондықтан да барша халқымыз жат жерде намысты ту етіп ұстап, ерліктің үлгісін көрсеткен ауған соғысы ардагерлеріне әрқашанда тағзым етеді. Біз сіздермен мақтанамыз, ерліктеріңізді бүгінгі жастарға үлгі етеміз. Болашақ ұрпақ жалынды жүрекпен елді сүюді Сіздерден үйренеді, - дей келе ардагерлерге мектеп ұжымы атынан шағын сыйлықтар табыс етті.”

Пән мұғалімдері:                            Қойшыбай Н.О.  

                                                         Арыстанғали Ж.С.                                                                                                                      

Просмотров: 699


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст