«Әлем тізгіні-білімдінің қолында» атты
жаратылыстану - математика бірлестігінің онкүндігінің
ҚОРТЫНДЫ ЕСЕБІ.
Апталықтың мақсаты: Оқушыларды білімге деген қажеттілікті сезінуге, білім алу үшін өз бетінше ізденуге, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттеріне тәрбиелеу
Жауапты пән мұғалімдері:
Турлашова Г.Е, Игиликова Г.Е, Калиева С.С, Съезхан А, Бөкешова Г. И, Қасымова Ұ.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады.
ж ұ м ы с ж о с п а р ы
11.11.19- 22.11.19
№ |
Іс-шара |
Күні |
Сыныбы, пәні, өтетін орны.
|
Жауапты
|
|
Апталықтың ашылуы. |
11.11. |
7-8 сынып. 3этаж |
Калиева С. С Бөкешова Г. И
|
|
«Қанның құрамы мен қызметі» LS
|
12.11 |
8А сынып. 5-сабақ Ж. Тәшенов кабинеті биология |
Бөкешова Г. И |
|
«Жай бөлшектерді қосу және азайту» |
13.11 |
5а сынып. 2 -сабақ математика |
Тұрлашова Г. Е |
|
«Біздің айналамыздағы ақпарат» |
14.11 |
5 сынып. 3 сабақ 13 кабинет |
Съезхан Анаргүл |
|
«Химиялық элементтер» |
15.11 |
7ә сынып. 3- сабақ Химия. 24 кабинет |
Қасымова Ұ. С |
|
«Виет теоремасы» LS |
18.11 |
8 «А» сынып 2- сабақ . 13 кабинет алгебра |
Калиева С.С |
|
«Жылу машиналарының маңызы. Экологиялық мәселелері» LS |
19.11 |
8 «А» сынып. физика 4-сабақ. Тарих кабинеті
|
Игілікова Г. Е
|
|
20.11. |
7-11сыныптар 7-сабақ. Акт зал |
Игілікова Г. Е Калиева С.С Тұрлашова Г. Е |
|
|
«Жас зертеуші» оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары |
21.11 |
5-10 сынып. Акт зал |
Бөкешова Г. И |
|
Апталықты қорытындылау |
25.11 |
3 этаж |
Тұрлашова Г. Е Игілікова Г. Е
|
Жаратылыстану және математика пәндерінің апталығы белгіленген жоспар бойынша өтті.
Апталықтың өтілу барысы:
Дүйсенбі. 11 қараша.
Оқушылар жаратылыстану-математика пәндері бойынша әдеби монтаж айтты.
12.11.19 Бөкешова Г. И «Қанның құрамы мен қызметі» (LS сабақ) тақырыбында биологиядан 8А сыныбында Ж. Тәшенов кабинетінде ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Қанның құрамы мен қызметін сипаттау
Мұғалім сабақта әр-түрлі әдіс -тәсілдерді қолдана білді. Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп, жұмыс істеді. Слайдтар арқылы мәлімет берілді, мағынаны тану кезінде оқушылар ЖИГСО 1 әдісімен жұмыс істеп, тақырыпты өздері меңгер ді
Оқушылар «шындық-жалған», «тест», құрастырды. Сабақ басында оқушыларға «өзін өзі бағалау парағы» таратылып, сабақ аяғында оқушылар өз бағалауын айтты, мұғалім өзінің қорытынды бағасын қойды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
13 қараша, сәрсенбі күні 5 «А» сыныбында математика пәнінен ашық өтті.
Пән мұғалімі: Турлашова Г.Е
Тақырыбы: « Жай бөлшектерді қосу және азайту»
Мақсаты: Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосып және азайту және нәтиже бұрыс бөлшек болса аралас санға айналдыру, қысқартылатын болса, оны қысқарту. Сонымен қатар бөлшектерді қосу және азайту амалдарын қолданып мәселе есептерді шығара алу.
Сабақтың барысы:
Сабақтан үзінді
14.11.19. Съезхан Анаргүл «Біздің айналамыздағы ақпарат» тақырыбында 5 сыныпта информатикадан ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Ақпарат түсінігі. Әр түрлі формадағы ақпараттар.
Оқушылар үш топқа бөлінді. Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әр кезенде тапсырмаларды түрлендіріп беріп отырды.
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақ тақырыбын ашты, сурет арқылы ақпарат көздері, ақпарат қабылдаушылар туралы мәтін құрастыруға тапсырмалар берді. Сонымен қатар оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасады.
15.11.19 . Қасымова Ұ «Химиялық элементтер» тақырыбында 7 сыныпта химиядан ашық сабақ өткізді.
Сынып үш топқа бөлінді. Топ басшылары сайланды. Бағалау парағы таратылды. Оқушыларға сабақта видеороликтер көрсетіліді, оқулықпен жұмыс жасалып, оқушылар түсінгенін флипчартқа түсіріді. Топ оқушылары шығып, өз жұмысын қорғады, бекіту кезінде, семантикалық карта, перфокартамен жұмыс, тест орындалды. Сабаққа оқушылардың барлығы белсене қатысты. Сабақ «жақсы» өтті деп бағаланды.
18.11.19 күні Калиева С.С «Виет теоремасы» тақырыбында 8 сыныпта математикадан ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Виет теоремасын қолдану
Бағдаршам арқылы («жасыл» –түсіндім, «сары»- көмек керек, «қызыл» –түсінген жоқпын)өз-өздерін бағалап отырады.
19.11.19 Игиликова Г. И «Жылу машиналарының маңызы. Экологиялық мәселелері» LS тақырыбында физика пәнінен ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау;
Оқушылармен амандасып, оқу құралдарының түгел екендігіне көз жеткізген соң топқа бөлді
Миға шабуыл сұрақтары қойылды.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады. Үй жұмысын тиянақтауға арналған сұрақтар қойылды.
1 топ: Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығындағы мәні.
2 топ: Атмосфераның ластануы, экология.
3-топ: Ауа ластануына қарсы жүргізетін шаралар.
Бұл сұрақтар бойынша оқушылар тақтаға шығып, дайындаған постерлерін қорғайды,талдайды.
Сабақта берген тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Өз ойларын еркін жеткізе білді.
|
«МИФ еліне саяхат» сыныптан тыс сабақ |
20.11.1 |
7-11 сыныптар арасында
|
Игиликова Г. Е
|
7-11 сыныптар арасында өткізілген сайыс сабақ акт залында өткізілді. Оған 7-11сынып оқушылары қатысты
Мақсаты:
оқушылардың физика, математика, информатика пәндерінен алған білімдерін жүйелеп, қорытындылау; ой-өрісін, естесақтау, ойлау қабілетін дамыту және ғылыми көпшілік әдебиеттерді өзбеттерімен пайдалана білу дағдыларын жетілдіру;
шапшаңдыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа баулу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
Түрі: сайыс
Әдісі: топпен жұмыс
21.11 күні «Жас зертеуші» атты тақырыпта Г. Игинбаевнаның ұйымдастырумен өткізілген оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары тындалды.
Мақсаты:
-Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту;
-Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру;
-Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу және білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.
1) Жұмабаева Гүлназ. 6а сынып. «Ертеде малдарды қалай емдеген»
2)Абутай Алия. 6а сынып. «Ертедегі медицина»
3) Ғанибаева Ұлбосын. 7а сынып. «Симметрия»
4) Ербол Аружан. 7а сынып «Жел энергиясы»
5) Советханова Аселия. 7а сынып. «Күн жүйесіндегі ғаламшар»
6)Абилева Асель 8а сынып. «Семіздік сергелдені»
7) Балташева Меруерт. 8а сынып. «Гепатит ауруы»
8) Сұлтанбеков Ернұр. 8а сынып. «Компьютерлік ойындардың зияны»
9) Құрманғалиева Камила. «Экологиялық медицина»
10) Тұрай Малика «Зиянды тағамдар»
Оқушылар өздернің зерттеу жұмыстарының таныстырылымын өте жақсы қорғап шықты.
25 қарашада күні мектепішілік жиында апталықтың қорытындысын физика пәнінің мұғалімі Игиликова Г.Е шығарды, ол оқушыларға мадақтама қағаздар, сыйлықтар тапсырып, белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтты.