«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп пен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастан бастау алады

02.02.2018

№3Аршалы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Молдабай Амандық

Мектеп пен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық

қарым-қатынастан бастау алады

               Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты

қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста. Өйткені адамзат бесігін  тербеткен баланың бас ұстазы  - ата - ана.

       «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден – ақыл, анадан – мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуын қалайды. Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата- анасына ардақ тұтып,

өзінің перзеттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында.

Осы сабақтастықты жалғастыру мақсатында, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №3 Аршалы орта мектебінде 5-8 сыныптардың ата-аналары арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарыстың ашылуына Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Асылбек Байжұма мен аудандық спорт бөлімінің бас маманы Князов К.С.  қатысты. «Спорт – денсаулық кепілі,» демекші бұл игі істің өтуін ұйымдастырғаны үшін  мектеп директоры Байдилдина Гүлнар Мырзахметқызына алғыстарын айтты.

 Жарыс өте тартысты өтті.  Дегенмен ең мықты командалар жеңіс тұғырынан көрінді.

Нәтижесінде 5ә сынып ата-аналары 1-орын, принтерге 6ә сынып ата-аналары - 2-орын, таза су қондырғысына,

3-орынды 8 - сынып ата-аналары жеңіп алып, гүл қоятын  подставка ұтып алды.. Қалған сыныптар ынталандыру

сыйлықтарына ие болды.

Жарыстың соңында барлығы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.Демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысымыз шексіз. «Дені саудың – жаны сау» дегендей спортпен шұғылдана жүрейік!

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст