2017-2018 оқу жылындағы
«Бәйтерек» ББ 2-қазан күні өткен «Қайырымдылық жаса» акциясы –
мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек жасау айлығы шеңберінде есебі
№3 Аршалы орта мектебінің аға тәлімгері мен осы аталмыш мектептің оқушыларынан құралған "Тимуршылар" тобы кезекті ардагерлерге көмек қолын созуды жалғастыру мақсатында 2 қазан күні Новоавтобазовская
көшесі 27/1 үйде тұратын Елубай Қалиұлының үйіне барып бақшасының орнын тазалап,аударыстырып, ауласында өсіп кеткен шөптерді, қоқысты шығарып берді.
Оқушылар бақшаның орнын тазартып, аударыстыруда
Атай оқушыларға алғысын
білдіріп, батасын берді. Оқушылар бірауыздан атсалысып, жақсы көңіл-күйде
қайтты. Балалардың үлкенге деген құрметін арттыру мақсатында алдағы уақытта осы
тектес іс-шаралар өткізіліп тұрады.
2017-2018 оқу жылындағы “Бәйтерек” ББ 9-қазан күндері
өткен “Қайырымдылық жаса” акциясы – мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек
жасау айлығы шеңберінде есебі
«Қайырымдылық жаса» акциясы мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек жасау
айлығы шеңберінде 9-қазан күні 8 сынып оқушылары ПЛ-14/2 мекен-жайында
тұратын, еңбек және тыл ардагері, зейнеткер Айдаркина Даметкен Мадгужинқызының үйіне барып шөбін қорасына кіргізіп берді.
Әже оқушыларға алғысын білдіріп, рахметін айтты.
Оқушылар ауызбіршілікте жұмыс істеп, алдағы уақытта да осындай қайырымдылық
іс-шараларына белсене қатысатындарын айтып, жақсы көңіл-күйде қайтты.