«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бұрымды қыз – 2017»

21.07.2017

Қыздар арасында сайыс            

«Бұрымды қыз – 2017»

 

Байқаудың мақсаты: қыздарды бұрымды да  инабаттылыққа,

ибалылыққа, көркемдік пен нәзіктікке тәрбиелеу.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады және сайысқа әр топтан қыздар қатысады:

  1 кезең «Таныстыру», қыздар өз-өздерін өлен немесе  көрініс арқылы   таныстырады.

  2 кезең «Өз өнерін көрсету», саусақтары майысып, мың бұралып

билеген қатысушылар көрермендерді және әділқазыларды тәнті ету.

  3 кезең «Ұзын шаштың формуласы» атты жарнама өткізіледі. Әр

қатысушы өздерінің шаш күтіміне арналған су сабындарын жарнамалау.

  4 кезең «Сән үлгісі» қыздар өздері әзірлеген киім үлгілерін көрсетеді.

  5 кезең «Қол өнер шеберлігі» әр қатысушы тамақ әзірлеу, тоқыма

тоқу арқылы өздерінің қол өнер шеберліктерін көрсетеді.

«Лагерь аруы»

атты қыз сыны байқауы  

           Байқаудың мақсаты:

- қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада

өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту.

- қыз деген нәзік жаратылыстың өзіне тән ерекшелігін,

өмірдегі алатын орнын сезіндіру.

          Байқау талаптары:

1. «Қыздар сұлу көрінер сәлемімен» (1-2 минут).

Сәлемдесу салты. Сайыстың бұл бөлімінде қыздар өздерін

таныстырады. Таныстыру барысында аты-жөні, ата-тегі, оқыған, өскен жері, туған

Отаны туралы өлеңдетңп, әнге қосып, тақпақтатыпта, қарасөзбен айтуға болады.

  2. «Білімді қыз сүйкімді». Қазақ елі тақырыбына сұрақтар билетке жазылып, билет

алу барысында жауап беруге тиіс.

  Сұрақтарды төмендегідей болады:

  - Қандай тыйым сөздерді білесіз? Оның мағынасы неде?

- Қазақ батырларын атаңыз?

- Қазақстанның өнер жұлдызы атанған қыздар кімдер?

  3.«Бармағынан бал тамған». (Үй тапсырмасына 5 минут). Қыздар

өздерінің қолынан келетін ұлттық тағамын жасап әкеледі,

оны қанша уақыта, қалай жасалатынын айтыуына мүмкіндік беріледі.

  4.«Он саусағы майысқан» (2 минут). Осы уақыт ішінде қыздар өз халқынның

ою-өрнегі немесе қолданбалы қол өнеріне қатысты тез жасалатын затты қағазбен

немесе матамен жасап көрсетуіне болады.

  5. «Тал бойына жарасып….» (1-2 минут). Қыздар ұлттық немесе сән үлгісі киімдерін

киіп көрсетіп, кербез жүрісімен, әдемілігін, сән- салтанатын сахнада байқатады.

  6.«Өнерлі өрге жүзер» (2-3минут). Қыздар өнердің сан қырын меңгеруі арқылы

байқауда өнердегі өз мүмкіндіктерін көрсете алады.

Просмотров: 676


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст