«Бәйтерек мектепішілік лагерінің ашылуы және 1-маусым балаларды қорғау күніне
арналған сатанатты жиыны.
Тақырыбы:«Балалығым - бақытым»
1-жүргізуші ( Елугүл) Қайырлы таң! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар!
Қазақстан Тәуелсіз ел екенбіз.
Жоғалмасын ешқашан берекеміз
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз
Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз.
2
жүргізуші: ( Бердібек) Жиын! Сап түзе!«Бәйтерек мектепішілік лагерінің
ашылу салтанатына орай ҚР мемлекеттік
ҚР Әнұраны орындалады.
1- жүргізуші:
Арманы бір, үні бір,
Аға ардақты, іні бір
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл.
2-жүргізуші
Бала бағы бар елдің.
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
«Бәйтерек мектепішілік лагерін ашу рәсімі мектеп директоры Байдилдина
Гүлнар Мырзахметқызына беріледі
Ән: «Бала,бала баламыз» Бақдәулет Аружан
1-жүргізуші:
Мереке бүгін, береке бүгін
Қуанып, шалқып тасыған
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек атпаған
Балалар гүлдей, құлпырып күндей.
2-жүргізуші:
Қымбатты «Бәйтерек мектепішілік лагерінде дем алушы бүлдіршіндер. Сендерді лагердің қызметкерлерімен таныстыруға рұқсат етіңдер.
1- жүргізуші
Өзі әсем, көркті.
Қаталдықты, аямай-ақ беріпті
Тоқтарқызы Зейнеш деген басшы апай
«Балдәурен» лагерінің ашылуына келіпті.
Би: Барлыбаева Амина
2- жүргізуші
Балдәуренге асығындар, келіңдер.
Тәлімгер апайларды көріңдер
Балдәуренде алуан түрлі қызық бар,
Бердібек пен Елугүл деген тәлімгерлер келіңдер!
Би: «Аққу» Молдаберген Айша
1- жүргізуші Сендердің
тәрбиеші ұстаздарың:
Бекмурзина Жадра Тоқтарқызы және
Жапарова Әсем Молдатайқызы
2- жүргізуші
Тәлімгердің серігі.
Балдәуреннің көрігі
«Балдәурен» мүшесінің бір бөлігі. Психолог апайларыңыз Сембиева
Айдана Құрманғалиқызы
Ән: «Көңілді
күн» Ербол Аружан мен Барлыбаева Амина
1- жүргізуші
Іш ауырса, тіс ауырса
Емдеп дәрі беретін
Мектебіміздің медбикесі
Сұлушаш апайларың .
Би: ЭКСПО
2- жүргізуші
Ұстаз- ана ән айтып, би билеткен
Ұстаз ана, бар білімге үйреткен
Ұстаздарды екінші ана деп біліңдер
Әркез сені жақсылыққа сүйреген дегендей ұстаздарға қошемет көрсетіп қояйық.
Көркем сөз оқу: Балдырған тобы
1- жүргізуші
Ұлылардан ұлағат ап жаңаша
Байқауларға ой қосамыз таласа
Талабы зор балаларды танытып
Таныстырған «Балдәуренде» тамаша
Ербол Аружан мен Жұмабаева Гүлназдың қазіргі жастар билерін қабыл алыңыздар
2- жүргізуші Елдің басы, сайдың тасы боларым
Сендерсіңдер-бар байлықтан жоғарым
Ұлт намысын ұстап өсіңдер,
Елдің азат жүрегің жас, мол арын.
Ән: «Жарайма» Молдатаев Бұланай
Екеуі бірге: Қымбатты балалар! Сендерді бүгінгі мерекенің
келесі бір кезеңіне қонаққа шақырамыз.
1- жүргізуші
а) «Туған жерім- табиғатың қандай көркем» деген тақырыпта асфальтқа сурет салудан жарыс
2- жүргізуші
. б) «Спорт- денсаулық кепілі»- әр түрлі спорттық шаралардан жарыстар.
(Барлық ойындар біткен соң, І кезеңнің балалары лагерге өтіп, лагердің күн тәртібімен
танысады).
Ас мәзіріне шақырамыз.
Балаларды қорғау күні мерекесінің жалғасы орталық алаңда болды.
Лагерге қатысатын оқушыларды Шалов Мұрат Ахметжанұлы демеушілік көрсетіп батутта жарты сағаттан балалар ойнады.
Жыныспаев Азамат Тілеукешұлы балалармен спорттық ойындар жүргізді.
Соңынан балаларға мерекелік сыйлықтар таратылды.
Сыйлықтар лагерь қызметкерлерінің демеушілігімен алынды