«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аутодеструктивті мінез-құлықты болдырмау

12.06.2017

№3 Аршалы орта мектебі

2016-2017 оқу жылындағы

мектеп әкімшілігінің жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықты

болдырмау және алдын-алу бойынша өткізген шаралары

М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық,   жас кезінде қай түрде

иіп тастасаң , есейгенде сол  иілген күйінде қатып  қалмақ» деп  түйін жасайды.  Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың белең алып, қиындап тұрған шағы. Мектеп,

ата-ана, баладан тұратын үш одақ болып  уақытылы тәрбие жұмыстарын жақсы ұйымдастырып, үнемі қолайлы

қарым-қатынас жасап отырсақ, жасөспірімдердің санасын жақсылыққа, мейірімді

болуға, жігерлі болуға , елін, отанын сүюге бағыттаудың маңызы зор. №3 Аршалы

мектебінде  үнемі тәрбиелік іс-шаралар мен психологиялық бағытта жұмыстар жүргізіліп отырады.

2016 жылдың қыркүйек айының бірінші аптасынан 1-11 сыныпқа дейін сынып жетекшілермен

бірге педагог-психологтың қатысуымен  сынып сағаты өткізіліп, ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, оқушыларға және ата-аналарға уақытылы кеңестер берілді. 5 сынып оқушыларының бейімделу

кезеңіне  байланысты сырттай бақылау, сабаққа қатысу, психологиялық сабақ, сауалнама алынып, нәтижесімен жұмыстар жүргізілді.

2016 жылдың қазан айының бірінші аптасында 9,10,11 сынып оқушыларының және  аудандағы мамандардың қатысуымен  педагог- психолог Сембиева А.К ұйымдастыруымен

 «Мамандық таңдау-келешекті таңдау» атты дөңгелек үстел өтілді.

29 .09.2016ж  7,8,910,11 сынып оқушыларының  концерттік бағдарламасымен  ардагер ұстаздардың  қатысуымен Үлкенге құрмет! «Қарттарым асыл қазынам»  атты іс-шара ұйымдастырылды.

14.10.2016ж «Бала және қоғам» тақырыбында жоғары буын оқушыларына  аудандық білім бөлімінің мамандарының

қатысуымен  тәрбиелік іс-шара өтті.

30 .11.2016ж  Биология пәні мұғалімі Құрманәлі Г.Қ, педагог-психолог

Сембиева А.К , 8-11 сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты сайысын өткізді.

13.01.2017ж  педагог-психолог Сембиева А.К  ұйымдастыруымен , сынып жетекшілер мен мектеп

басшыларының қатысуымен  8-11 сынып оқушыларына «Өмір- мұхит, уақыт-толқын»

атты пікірлесу кеші өтті.

Осыған дейін, Аршалы ауданы прокурорының орынбасары Байымбетов Алмас

Қалдыбекұлының қатысуымен Өмірің өз қолыңда! 8,9,10,11 сынып оқушыларымен пікірталас

алаңы өткізілді.

11.02.2017ж «Зор болашақ бүгіннен басталады!»  атты студенттермен

кездесу өткізілді. Әр жыл сайын мектепті бітіріп кеткен  түлектермен 

қарым-қатынас үзілмей, болашақ маман иелерімен кездесу шарасы өткізіледі.

Сонымен қатар, 11 сынып оқушыларымен “Сенім менің серігім” атты тренингтер үнемі өткізіледі

13-20 ақпан аралығында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты  Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі өткізіліп, оқушыларға адамгершілік туралы, өмір туралы сабақтар ұйымдастырылды.

Наурыз айының бірінші аптасында  «Жасөспірімдер арасындағы шиеленісті жағдайларды шешу жолдары»

атты  9-10 сынып оқушыларымен психологиялық сабақ өтілді.

ДТІЖО, мектеп медбикесі, педагог-психологтың кеңесімен  жыл бойы қыздар жиналысы жиі

ұйымдастырылды

жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас стилін қалыптастыру тақырыбында көшбасшы оқушылар арасында

пікірталас өткізілді

Патриоттық тәрбиенің жасөспірімдердің жаман әдеттерден аулақ болып, бойына жігер, қайрат беруде

маңызы зор.

15.04.2017ж «Жігітке жеті өнер де аз» атты 5-11 сынып арасындағы ер балалармен сайыс 

өтілді

15-16 мамырда АӘД пәнінің мұғалімі Қойшыбай Нұрсұлтанның  жоспары

бойынша, 5-9 сыныптар арасында саптық ән байқауы мен мергендер сайысы

ұйымдастырылды

ҚР қарулы күштеріне  25 жыл аясындағы іс-шараға мектеп оқушылары

белсене қатысты

05.05.2017ж «Еңсесі биік – ұлы жеңіс» атты мектепішілік іс-шара

ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен ерлік туралы ән шырқалып,

өлең оқылды.

Ұлы жеңістің 72 жыл толуына орай, 9,10,11 сынып оқушылары аудандық саптық ән шеруі  байқауынан 1 орын алып, облыстық байқауға қатысып, бақ сынады.

А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс

ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге

көрсетуінде»,-деген .Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін

,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасап, уақытылы қолға алсақ,

қоғамда жасөспірімдер арасында ғы түрлі қиын мәселелердің азаюына үлес қосқанымыз.


Педагог-психолог: Сембиева А.К

Просмотров: 425


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст