«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім негізі – бастауышта»

19.05.2017

«Білім негізі – бастауышта»

Бүгінгі қоғам талабына сай білімді, шығармашыл, саналы

тұлға тәрбиелеу білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады.   Бастауыш сынып- білім берудің сатысы.  Бастауыш сыныпта оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

– жеке және жас ерекшелігіне сәйкес оқушы тұлғасының дамуын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың алған білімдерін өздігінен орынды қолдана  білуіне, шығармашылық қабілетін, логикалық

ойлау дағдысын арттыруда  бастауыш сынып

оқушылары арасында апталықтар мен ертеңгіліктер ұйымдастырудың маңызы зор.  Осы мақсатта бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде апталық өткізілді. Апталықтың жоспары құрылып, мақсат міндеттері

бекітіліп, сыныптарға тапсырмалар берілді. Апта бойына барлық бастауыш сыныптарда

ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жүрді. Барлық ашық сабақтар мен

сыныптан тыс іс шаралар өте жақсы деңгейде өтілді. Ұстаздарымыз ашық сабақтарда

жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып,    оқушылардың

қызығушылықтарын арттыра білді. Бастауыш сынып мұғалімдерін атап кетсек, 1 «А»

сынып жетекшісі Ахметов Бегалы, 1 «Ә» сынып жетекшісі Жапарова Әсем, 2 сынып

жетекшісі Мухамедиярова, 3 «А»сынып жетекшісі Жақсылық Күлшара, 3 «А» сынып

жетекшісі Бимендина Ақмарал, 4 сынып жетекшісі Бекмурзина Жадыра

ұстаздарымыздың бала еңбегіне сіңірген еңбектері өте мол. Сондықтанда осы

ұстаздарымызға  әрқашанда шығармашылық табыс тілейміз. Сондай-ақ апталығымызда 

«Ең үздік күнделік», «Ең үздік портфолио», «Ең үздік дәптер», «Көркем

етіп жаза біл»  тақырыбында      байқаулар өткізілді.  Бұл ретте біздің барлық бастауыш сынып

оқушылары қатынасты. Үздік көрсеткішке жеткен оқушылар анықталып, марапатталды.

Сонымен қатар «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында, көркем шығармашылық көрме

ұйымдастырылды. Мұнда балалар өздерінің қолынан шыққан заттарын көрмеге қойды.

Көрме жақсы деңгейде ұйымдастырылды. 

Аптаның соңғы күнінде барлық оқушылардың еңбектері  еленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Апталық барысында ӘБ жетекшісі Бимендина Ақмарал Мұхтарханқызы барлық бастауыш

сынып жетекшілерін ерен еңбектері үшін марапаттады. Міне , біздің бастауыш

сынып апталығымыз осылай аяқталды.

№3 Аршалы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

М.К. Мухамедиярова

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст