Қазақ күйі асқақтай берсін!
Домбырадан шыққан әр бір күй қазақ даласын тербетіп тұрғандай. Күйші
халқымыздың күй құдіретін түсініп, баға беруі тегін емес. Қазірде қазақтың қара домбырасының
құлағында ойнап, өз өнерлерімен жұртты тамсандырып жүрген ару қыздар аз емес.
Солардың бірі Әбен Айжанат Қапанқызы. Айжанат төл өнермен өзі ғана
айналыспай, шәкіртте баулып жүр. №3 Аршалы орта мектебінің оқушылары
арасында «Домбыра» үйірмесін ұйымдастырып, қыздарымызды домбыраға баулып, музыкалық өнерлерін шыңдап жүр. Осының дәлелі ретінде жеткен жетістіктерін айтуға болады. Мәдениетіміздің онжылдық
мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған «Жас өнер: әлемдік мәдениет жолында»
атты V Ұлтаралық сайысқа «Айжан» атты ансамбль құрып,
өз өнерлерін додаға салды. Сайыста ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ансамбль құрамында Аснова Қаншайым, Акрамашева Камшат,
Бүркітбай Құндыз, Ғалымжан Жазира, Базкенова Аружан сынды қыздарымыз өнер
көрсетті. Ансамбльдің әр мүшесі төсбелгімен,сертификатпен марапатталды. Қазақ
күйінің құдіретін шәкірттеріне түсіндіріп, дәріптеп жүрген Айжанат Қапанқызына алғыс айтып, биіктерден
көрініп, жетістіктердің жеңісіне жете беруін тілейміз.
№3 Аршалы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
А.М.Саржанова