«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық ойын – ұрпақ саулығы

12.04.2017

«Ұлттық ойын – ұрпақ саулығы»

№3  Аршалы орта мектебінде, бастауыш сыныпта ұлттық ойындарды  дәріптеу мақсатында,

көктемгі демалыс уақытында 2-3 сынып оқушылары арасында  «Ұлттық

ойын – ұрпақ саулығы»  атты тақырыпта ұлттық ойындар өткізілді. Мұндағы мақсат  балаларды өз бетімен

және белсенді ойнауға үйрету, халық ойындары,  қазақтың мәдениеті туралы білімді меңгеру,  маңызды дағдылар мен біліктерді меңгеру,

оларды күрделі және экстремалды жағдайларды қолдануға үйрену,  күш-қуатты, жылдамдықты, шыдамдылықты,

тапқырлықты дамыту, білім алушылардың ағзасының функционалды жүйелерін

үйлесімді дамыту, өмірлік тонустарын арттыру, спорт ойындарын табысты

меңгерудің алғы шарттарын құру, дене және ақыл-ой жұмыс істеу  қабілеттілігін арттыру.

Ұлттық ойындар    - қазақтың ұлттық ойындары — ежелгі

заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері.  Бүгінгі бізге жеткен ұлттық ойындарының тарихы

Қазақстан жерінде б.з.б. 1-мыңжылдықта-ақ қалыптасқан.  Тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия

елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған. Ұлттық

ойындыды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әр түрлі жаттығулар жасау

арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады.     Қазақ ұлты, негізінен ұрпақ   қамын

басты мақсат етіп қо-йып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор

мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде Ұлттық

ойынды орайластырып, дамытып отырған. Мұны бір ойынның бірнеше нұсқаларының

болуы да айғақтайды (Мыс: белбеу тастау, орамал тастау, хан қалай, жаяу көкпар,

т.б.). Қазақ қоғамындағы Ұлттық ойындардың негізі, оның шығу тегі көшпелі

дәстүрлі шаруашылық қарекеттерден басталады. Олардың көбі мал ш-на, аңшылыққа,

жаугершілікке негізделген. Ойындардың басты тәрбиелік мәні — болашақ ұрпақты

келешек кәсіптерге баулу, мамандандыру, яғни олар дәстүрлі ұлттық педагогиканың

бір саласы болып табылады (қ. Айгөлек, Алтыбақан, Ақ сүйек, Соқыр теке, Таяқ

жүгірту, Көрші, т.б.).Ұлттық ойындардың кейбір түрлері төмендегідей: 

Бөрікпен ұру.

Қырағылыққа, мергендікке баулиды. Ойынға бірнеше бала қатысады. Алдымен ескі

бөрік домалақтала буылады. Ойыншылардың бірі бөрікті қорғауы, қалғандары оны

қорғаушыдан алып кетуі тиіс. Бөрікті ұстаған қорғаушы келесі ойыншыны бөрікпен

ұрып дәл тигізсе, ол “ұрушыдан“ қашушыға айналады.

 «Соқыртеке»

Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан

кейін, бір қыздың, не жігіттің көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:

Қараңғыда көзім жоқ,

Тиіп кетсе сөзім жоқ.

Қайда кеттің қалқа жан,

Жетектейтін өзің жоқ.

Қолға түскен құтылмас,

Қала бермек көзім боп,

— деп таяғын өзі болжаған тықыр, дыбыс естілген жаққа қарай соза береді.

Айнала трған ойнаушылар қашып жүріп:

Соқыр — соқырақ,

Оң көзіңе топырақ.

Топырағын алайын,

Тотияйын салайын

Саған бір ем табайын,

—деп келіп, «Соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай ойнап жүргенде «соқыр

текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады.

«Соқыр теке» мен оны түрткілеп қашып жүрушілердің өрісін мөлшерлеп сызып қояды

«Ақсақ Торғай»

Әрқайсысының құрамында 8-10

бала бар екі команда бір-біріне қарама-қарсы сызық бойына орналасады. Екі

команда мүшелерінің ара қашықтығы 10 қадам. Екі команданың әрқайсысының оң

жақтарында бес қадам жерде стол үстіне ойыншылар санымен бірдей алмалар

қойылады Ойынға   қатынасушылар бір аяғын көтеріп, ақсаңдап барып,қолындағы ыдыстарына стол үстіндегі алмалардан

бір-бірден салып алып, кері тасуы керек. Команда мүшелері бір-біріден ақсаңдап барып өзі үлестерін бұрын  басып  бітсе.сол команда жеңіске жетеді.

Күрес-тартыс ойындары

«Білектесу»

Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі жігіт оң қолдарының шынтағын

столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол

жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып

алған екі палуан, ойын бастаушы команда берісімен, шынтақтарын сол орнынан

қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады.

Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне

көмектеседі.

 «Әтештер күресі»

Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Осы екі жақтан екі жігіт ортаға шығып,

кәдімгіше күрес жасайды. Оның ең қызыгы да, басқаша күрестен айырмасы да тек

жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарымен қағысып, күресуінде, бұл адамның нық

басып, орнықты жүруін жеңілдетеді. Күресетіндердің бір аяғын тізесіне бүгіп,

мата белбеумен байлап тастайды. Сол аяқты, егер оң жақ аяғы бүгулі болса, сол

жақ қолын; сол жақ аяғы бүгулі болса, оң жақ қолын шынтағынан бүгіп байлайды.

Сонда күресушілердің екеуі де тек бір аяқ, бір қолымен жүріп күреседі.

Күресушілерді екі жақтың ойынбасылары сүйемелеп әкеліп ұстастырады, қайсысы сүрініп жығылса, сол ұтылады.

 

«Арқан тарту»

Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасынан арқан өтетіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп,

аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, әлгі арқанды өткізеді. Содан кейін тақтайіпанын, екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, таяқшаларды аққалаға екі-үш қарыстай таңап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар

аққалаға тірелгенде кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бәрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды. Ойын

қайта басталады. Ойын ойынға қатынасушылардың күш-қуатын дамытуға, таза ауада дем алып, еңбектенуге үйретеді

Асық ойындары

Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне

байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен,

балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке,

ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.

Омпы

Асық ойынының бір түрін «Омпы» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада

алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты — асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да біріншісіне төрт бұрыш жасайды (оның көлемі өзара келісіледі) дәл

ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпы» тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен «Омпыны» ата бастайды. Егер кімде-кім Омпыға тигізсе және оны төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал

Омпыға тимей, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын жалғаса береді.

 

Хан талапай

Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен

ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын

жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы

асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып

алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты

— балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Түрлі заттармен ойналатын ойындар

«Бес тас»

«Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары

ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден

бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат бес асық немесе

кішірек бес домалақ тас.

Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға қатынасушылар кезектесіп бес тасты

алақандарына салады да, жоғары серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып

алады да, қайта серпіп жіберіп, ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады. Ең көп

қағып алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке

тұрады. Бұл ойынның бірнеше тәсілі бар. Ойынға қатынасушылар дөңгелене отырады.

Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын

жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып

үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң

үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.

Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен

жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады.

Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайтайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен

біреуін іліп а.лып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш

тасты сол тәсілмен бірден жиып алуы керек.

Төртінші тәсіл: Бес тасты қолына алады да, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы төрт тасты жерге

койып, жоғары серпіген тасын қағып алады. Сонан соң ол тасты жоғары қарай қайта

лақтырып, жерге қойған төрт тасты жинап алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады.

Бесінші тәсіл: Бес тасты уысына алып, бірін жоғары қарай серпіп жібереді де, тасты алақанына қыса ұстап,

шынашағымен еденді үш, не бес рет (ойыншылардың алдын ала келісімі бойынша)

сипап өтіп (жалап өтіп деп те айтады) лақтырған тасын қағып алады.

Міне біз осы аталған, ұмыт болып бара жатқан ойындарды балалардың есіне салып,  дәріптедік.

   №  3 Аршалы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

М.К.Мухамедиярова

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст