«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алғыс айту» күніне арналған»Рахмет саған, Анашым!» атты дөңгелек үстел

02.03.2017

1-наурыз «Алғыс айту» күніне арналған»Рахмет саған,

Анашым!» атты дөңгелек үстел

Міне, қыс мезгілі кетіп, көктем айы да

басталды. Балалар сондай қуанышты. Себебі көктемде күн жылынып, жер көгеріп,

адамдар жылы киімдерін тастап, көптеген көңілді 

мерекелер басталадыі. Міне сол мерекелердің бірі –көктемнің алғашқы күні

1-наурыз. 1-наурыз тек қана көктем

мерекесі ғана емес, сонымен қатар  «Алғыс айту» күні.

Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде

тыныштық пен өзара сенімділіктің, барлық қазақстандықтардың бір-біріне

деген  құрметтің  орнығуына негіз болатын идея.  Яғни, күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны

АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өткен

екен.  Көз алдыңызға америкалық бақытты

отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп

отырған сәті келді ме? Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді.

Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ, адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін

рақмет айту керек екендігін ойланады. Оны кейбір адамдар түсінбейді. Кейбір

адамдар рахмет айтуды да білмейді. Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық

колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар

аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың

көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілеген екен. Айналадағы басқа да

көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет

айту күнінің басты нышандарының бірі – сол түйе тауық екен.  Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш

тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен. Кейіннен, яғни, 1789

жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп

жариялайды. Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып,

туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар

ойлап табады.Сол себепті, жылдың бір күнінде не үшін рақмет айту керек

екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін болар.

Осы мерекеге орай, біз өз сыныбымызбен

бірлесіп «Алғыс айту» күніне іс-шара өткіздік. Іс шарада көріністер мен

тақпақтар айтылып, би де биленді. Балалар, өз ойларын толық айтып, әрқашан

рахмет айтудың артықшылығы жоқ екенін естеріне сақтап жүретіндерін білдірді.

Біз өз іс- шарамыздың соңын  «Рахмет сізге, анашым! » тақырыбында

тәтті үстелмен аяқтадық. Себебі, балалар үйлерінен аналарының қолынан

пісірілген тәтті тағамдарын әкелді. Сол себепті, аналарына рахмет айту  мақсатында үстеліміздің тақырыбын осылай

атадық.  Міне, осындай іс-шаралар арқылы

біз балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, адалдыққа баулимыз. Бәрі, бәрі ,

бәрі үшін рахмет!        Қорытындылай келе, рақметке лайықты кімдер?  Тізімді

бірге құрайық!  Бастысы – алғыс айта білу... Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға –

гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен

назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы

үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге –

махаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа – жылулығы үшін...  Міне, тағы сол сияқты...

  №3 Аршалы орта мектебі

 Бастауыш сынып мұғалімі

Мухамедиярова Мақпал  Қуанышбекқызы

Просмотров: 864


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст