«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Айкынбаева М.М. 2016-2017ж бойынша атқарған жұмыстары

15.02.2017

Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі

 Айкынбаева Мадина Мураткызының 2016-2017 оқу жылы бойынша атқарған жұмыстарының есебі

Айкынбаева Мадина Мураткызы

ІІ санатты тарих пәнінің мұғалімі

    

     Бүгінгі ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры екені дау тудырмайтыны анық. Қазіргі таңда қай ел, қай мемлекет болмасын, оның дамуы білім деңгейімен өлшенеді. Білім, ғылымы дамыған ел ғана әлемдік ең озық инновацияларды терең меңгеріп, өркениет биігіне

қол соза алатыны айдан анық. Сондықтан біздің еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап білім мен ғылым саласына айрықша көңіл бөліп келеді. Қазақстан – бүгінде әлемдік білім кеңістігіне, халықаралық білім стандарттарына ұмтылып отырған мемлекет. 
     

Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы - мектеп, "Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры

- ұстаздың қолында,"- деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Елімізде болып жатқан іргелі-іргелі

өзгерістер мен қайта жаңғырулар оның білім мен тәрбие беру жүйесіне де түбірлі

өзгерістер мен мақсаттар әкелді.

           Технология оқытуды ізгілендіруге, жеке тұлғаның еркіндігі мен таңдауы, қалауына жол ашады. Дәстүрлі оқытуда

мұғалім-оқушы, яғни алдыңғы орында мұғалім іс-әрекеті жетекшілік етсе, технологияда оқушы - мұғалім, яғни оқушының білімді өз іс-әрекетімен, белсенділігімен алу жүзеге асады. Білім беру ісінде жаңғырулар мен жаңарулар жүріп жатқан

кезеңде сабаққа қойылатын талаптар да өзгерді. Ең бастысы: - оқушылардың білімді өз беттерімен

алуы, оларды іздендіру, зерттеу, шығармашылық жұмыстарға баулуды ойластыру;

- білімді жеке тұлғаға бағыттай беруді мақсат ету;

- сабақты құзырлылық тұрғысында ұйымдастыру;

- инновациялық технологиялардан іздену.

       Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын

таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи

деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді

енгізу және т.б. Мұғалім ең алдымен білімді және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы керек. Менің әдістемелік тақырыбым: «Инновациялық  әдіс-тәсілдердің тарих сабағында тиімділігі».

         2016-2017 оқу жылы 12-22 желтоқсан аралығында тарих пәні бойынша өткізілетін «Ғасырға бергісіз – 25 жыл!»  атты   

онкүндігі өтті. Тарих пәні онкүндігінің  жоспары алдын ала құрастырылып, бекітілген жоспарға сай өткізілді. 

         12 ақпан күні  «Ғасырға бергісіз, 25 жыл!» атты тарих пәнінің онкүндігінің ашылу салтанаты қткізілді,

оқушылар монтаж айтты, сонымен қатар, мұғалімдер мен оқушылар өткізілетін іс-шаралармен таныстырылды.  

13 желтоқсан күні, тарих пәнінің онкүндігінде 7 сыныпта «Алтын Орда» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақ жаңа технологияларды пайдалана отырып өткізілді. Тақырып жан-жақты ашылып, оқушылар белсенді араласып, оқушылар

тақырыпты терең меңгере алды.

Күтілген нәтиже:                                                                                                   

• Еркін ойлап, жан-жақты ізденді;

•Белсенділігі артты;

•Бір-бірін тыңдап, сөйлеу мәдениеті  қалыптасты.

        21 желтоқсан, сәрсенбі күні 8 сыныптар арасында «Тапқыр болсаң, талас жоқ!»  сайыс сабағы өтті. Сайыстың мақсаты

оқушылардың тарих пәні бойынша алған білімдерін пысықтау. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Әрбір кезең бойынша сұрақтар қойылды, 10 баладан 2 топ іріктеліп, топпен жарысты.  1 топ - «Қыран», 2 топ – «Келешек жастары». Сайыстың қорытындысы бойынша «Қыран» тобы жеңіске жетті.

          14 желтоқсан, сәрсенбі  күні  «Тәуелсіздікке 25 жыл» деген тақырыппен көрме өткізілді.

 

15 желтоқсан күні  «Ғасырға бергісіз 25 жыл»   тарихи сахналық қойылым концерті өтті.

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст