Мемлекетіміздің басшысы, елбасы
Н.Ә. Назарбаев үстіміздегі жылдың 31-інші қаңтарда Қазақстан халқына жолдауына
жариялаған болатын. Онда: «Қазақстанның 3-ші жаңғыруы Жақандық бәсекеге
қабілеттілік:» деп, Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында еліміздің 25 жылдық
даму кезенін абыройымен өткергенімізді, ондағы толағай табыстарымыз мен
жетістіктерімізді, сонымен қатар еліміздің бүкіл әлем алдында танылуы хақында
сөз етті.
Қаншама ТМД және орталық Азия елдерімен
салыстырғанда елімізде осындай қарқынды даму ел үшін де, елбасымыз үшін де зор
мәртебе деп санаймын. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы еліміз қаншама сындардан
өтіп, тәжірбиеде жинақтады. Енді біз, жастар алға батыл қадам жасап, болашаққа
мақсатты түрде сенімді жұмыстар жүргізе аламыз. «Қазақстан - 2050» стратегиясын
«100 нақты қадам» базасында өткізілуі де жанғырудың бір сипаты. Сонымен қатар,
үштілді оқуға кезең-кезенімен көшу арқылы, жас ұрпақ білім-біліктілігі де арта
түскен.
Жалпы, бұл жолдау бойынша, жоғары білім
беру жүесіне баса назар аударып, білім беру мектептерінің материялдық
–техникалық базанаң толыққанды жабдықталуы жақсы көрсеткіш болып табылды.
Осындай жаңа кезеңге қадам басып, кейінгі ұрпақтарымыз кемелденген, толыққанды
өркендеген елге айналары сөзсіз деп санаймын!
Құрманәлі Г.Қ.
№3 АОМ, химия-биология пән мұғалімі