Текст
Аршалы ауданының әкімі Балпан Мұрат Сағатұлы мектептің мұз айдынының іске асырылуына куә болды.Жұмыс барысында жабынды толтыруды аяқтап, жоғарғы қабатты тегістеген соң барлық тұрғындардың осы мектеп мұз айдынында мектеп сабақтарынан кейін, кешкі уақытта және демалыс күндері коньки тебуге мүмкіндіктері бар екенін жеткізді.
Сонымен қатар, аудан басшысы мектептің сыныптарындағы, дәліздеріндегі және спорт залындағы температуралық режимді тексерді.
Аршалы ауданының әкімі Балпан Мұрат Сағатұлы мектебіміздің тыныс-тіршілігінен бейжай қалмай, жағдай жасап, үнемі назарда ұстап отырады. Жұмысыңызға табыс тілейміз.