«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Екі жұлдыз" атты мектеп оқушылары арасында мәнерлеп сырғанау байқауы

23.01.2023

2023 жылдың 20 қаңтар күні  мектебімізде мұз айдынында дәстүрлі "Екі жұлдыз" атты мектеп оқушылары арасында  мәнерлеп сырғанау байқауы өтті.
Мектеп директоры Г.Байдилдина құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Жарысты өткізудегі басты мақсат — өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, спорттың адам денсаулығына маңызы зор екенін түсіндіру. Әрі қысқы спорт түрлерін одан әрі дамыту.
Аталмыш жарыста 6 жұп конькимен сырғанап, әсем әуеннің ритміне сәйкес түрлі әдістер жасап, өнерлерін ортаға салды. Білім бөлімінің әдістемелік орталықтың меңгерушісі Т.Мамбетов, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Қажетов, Аршалы кентінің әкімі Д.Иванюк қатысушыларға қазылық жасады. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі І орындарды Сағат Арғын мен Махаева Құралай, Бақытжан Айсұлтан мен Ахай Іңкәр, ІІ орындарды Арманов Ақжан мен Жұмабаева Гүлназ, Жарылғап Мерей мен Серік Айару, ІІІ орындарды Аманғали Ерасыл мен Базылханова Арайлым, Серік Алихан мен Марат Айым иеленді. Құттықтаймыз!!!

 

          

Просмотров: 280


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст