«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.03-31.03.2023ж аралығында бос әлеуметтік педагог лауазымдық орнына конкурс жариялайды

13.03.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының  Аршалы ауданы  бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек  Тәшенов атындағы   жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  бос әлеуметтік педагог лауазымдық орнына конкурс жариялайды

 (1 бірлік)

Мекеме мекен-жайы:  Ақмола облысы

Аршалы ауданы

Аршалы кенті

Жолдасбаев көшесі 18

akm_archali_mektep3@mail.ru

Тел: 87164421236

Бастауыш сынып мұғалімі міндеттері:

 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашадағы бұйрығына сәйкес

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст