«Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ-ның
«Қыз болашағы-ел болашағы»
декадасында өткізген іс-шаралардың есебі.
2019 жылдың 4-14 қазан аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясымен қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелерідің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде жарияланған Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндігінде «Қыз болашағы-ел болашағы» декадасы өтті.
«Қыз болашағы-ел болашағы» декадасы барысында «Сен қалай өсіп жетілесің?» тақырыпта мектеп медбикесі Д.Ашурбаева, ДТІЖО А.Әбдірайымова, педагог –психолог А.Сембиеваның қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды . Оқушылармен мектеп тәртібі және мектеп ережелері талданды. Мектеп медбикесі Д.Ашурбаева қыздарға жеке бас тазалығы туралы баяндама оқыды.
«Жылы жүрек- жақсы тілек» тақырыпта мектеп психологы Сембиева А.Қ. қыздармен тренинг өткізді.
«Қарым-қатынас шеберлігі»тақырыпта қыздар арасындағы пікірталас өтті. Пікірталас барысында мектептің қыздар қауымы арадағы шиеленістерді шешу жолдарын қарастырып , достық қарым-қатынаста жағдаяттан шығу жолдарын айтты
Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары: А.А.Әбдірайымова