2023 жылғы 2 мамырда Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы дарынды педагогтарды қолдауға, тәрбие жұмысы жүйесіне инновациялық педагогикалық идеяларды енгізуге бағытталған «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жүйелерінің панорамасы» облыстық байқауын өткізді.Аталған конкурсқа директордың тәрбие жұмысы жөніндегі 19 орынбасары қатысты, олар өздерінің ұсынылған конкурстық материалдарында кәсіби-педагогикалық шеберлігін, шығармашылық өзіндік ерекшелігін, тәрбие процесінің келешегі мен практикалық маңыздылығын көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша Ж. Тәшенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Әбдірайымова Айнұр Асхатқызы жүлделі ІІІ орын және 30 мың теңге сертификатпен марапатталды.Құттықтаймыз!