Текст
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың қатысуымен өткен «Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумына мектебіміздің белсенді ата-анасы, «Ғазиз Аналар» аналар клубының мүшесі Ахметова Баян Ерболқызы қатысып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі жайлы өз тәжірибесімен бөлісті.