«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай әлемі» атты Республикалық өнер байқауы

10.02.2020

2-ақпан күні «Абай әлемі» атты Республикалық дарынды балалармен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауы өтті. Өнер байқауы  Талдықорған қаласында «Қазақтың бас ақыны- Абай» атамыздың  175 жылдығына орай мектебімізден бастауыш сыныптар арасында 1 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен «Көркем сөз» байқауы өтілді. Байқауға біздің мектебіміздің 5 оқушысы барып, жүлделі орындарға ие болды. Байқауда 1 «А» сынып оқушысы Мухамедьярова Инжу «Бас жүлде» атағын алып, кубокпен әрі медальмен марапатталды. Жетекшісі: Мухамедиярова Макпал Куанышбековна. І орын 1 «Ә» сынып оқушысы Жандилдина Бақыт. ІІ орын 1 «Ә» сынып оқушысы Қарамерген Нұраят. Жетекшісі: Ерназарова Зухра Рахманбердіқызы. 5 «А» сынып оқушылары Зарлық Мерей мен Базылканова Арайлым. Дайындаған жетекшісі: Жұмабай Тоғжан. Бұл оқушыларда медальмен және кубокпен марапатталды. Балаларымыздың жүлделі орындары біз үшін, біздің мектебіміз үшін үлкен бір құрмет, үлкен бір қуаныш. Балаларымызды осы өнерлерімен және жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз. Балалар  мен жасөспірімдерге білім мен тәрбие беріп, мәдени әрі патриоттық өнерге деген олардың құштарлығын арттыруда атқарған белсенділігі үшін, дайындаған жетекшілері «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Біз жетекшілерді де шын жүректен құттықтап, шәкірттеріне үлкен шығармашылық тілейміз. Мектебіміз осындай биіктен көріне берсін. Шәкірттеріміз мектебіміздің атын шығара берсін.

         

Просмотров: 485


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст