«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 27.06.2023-10.07.2023 ж аралығында оқу-өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі лауазымдық орнына конкурс жариялайды
(1 бірлік)
Мекеме мекен-жайы: Ақмола облысы
Аршалы ауданы
Аршалы кенті
Жолдасбаев көшесі 18
Тел: 87164421236
Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750 болып енгізілді. Лауазымдық нұсқаулық бұйрыққа сай жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашадағы бұйрығына сәйкес
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
шеберхананың қызметін басқарады, еңбек (өндірістік) оқытудың оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді;
шеберхананы жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен жарақтандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
есепке алуды жүргізеді және олардың пайдаланылуына, жабдықтың электр және өрт қауіпсіздігіне уақтылы тексерілуіне толық жауапты болады;
жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды сабаққа дайындауды ұйымдастырады;
жабдықты, оқыту құралдарын қолдану және арнаулы киімді пайдалану қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, айлабұйымдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады, еңбекке (өндірістік) оқыту сабақтарында еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі нұсқамалардың жүргізілуін бақылайды;
шеберханадағы жұмыс уақытында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
100. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
санитария және гигиена негіздерін, жабдықты пайдалану, монтаждау, жөндеу қағидаларын;
практикалық сабақтар мен семинарлар өткізілетін стендтер мен қондырғыларда жұмыс істеу тәртібі мен ережелерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
білім беру ұйымының экономика және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерін, санитариялық ережелер мен нормаларды.