«Ж.ТӘШЕНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП» КММ- нің 2019 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
«Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ -сі мемлекеттік қызметтің 5 түрін ұсынады:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын даярлауға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау - 82
2. Бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында ұзақ уақыт бойы өздерінің денсаулық жағдайына байланысты балаларға үйде жеке тегін білім беруді ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау - 0
3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау - 51
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқытушылар құрамына және оларға теңестірілген білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне біліктілік санаттарын тағайындау (растау) туралы құжаттарды қабылдау - 6
5. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқасын беру - 0
2019 жылы барлығы 139 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы жұртшылықты хабардар ету мақсатында материал Аршалы ауданы «Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ сайтында, Аршалы ауданы әкімінің сайтында және ақпараттық кеңестерде орналастырылады.
2019 жылы бенефициарлардан ешқандай шағымдар келмеді.
Жұмыс күндерін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліспен 13.00-ден 14.00-ге дейін келушілерді қабылдау кестесі.
Телефондар 871644 21236
«Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп »КММ директоры: Г.М. Байдилдина