Хаттама№4
Өткізілген орны: «Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ
Мерзімі: 30.05.2023ж
Қатысқандар: (Тізімі келтірілді)
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
Күн тәртібі.
1. № 4 кеңес қаулыларының орындалуы туралы.
2. Оқу жылының аяқталуы туралы. ДОІЖО
А) оқу жылын аяқтау туралы бұйрықпен таныстыру
Ә) емтиханға жіберу және оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы.
Б) «Үздік», «екпінді» оқушылардың тізімі, марапатталуы
3. Жазғы лагердің ұйымдастырылуы
4. Кәсіподақ ұйымының есебі
5. Әртүрлі мәселелер
А) Болжалды еңбекпен қамту жұмыстары
Ә) Педагогтарды тамыз кеңесіне марапаттауға ұсыну
І Тыңдалды
Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша мектеп директоры Г.М.Байдилдина сөз алды. № 4 Педагогикалық кеңес қаулыларының орындалуы туралы мәлімдеп өтті. ІІІ тоқсанның қорытындысы қанағатанарлық деп танылып, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері жұмыла жұмыс атқарып білім пайызы көтерілу жұмыстары берілген болатын. Осы жұмыстардың атқарылуы жақсы деңгейде өтіп жатқандығын айтып өтті. Биылғы оқу жылында тестен атестациядан өткен мұғалімдерге біліктілік алған санаттағы куәліктерін табыстап құттықтап өтті.
ІІ Тыңдалды
Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Саржанова сөз алды. Оқу жылының аяқталуы туралы айтып өтті. 2022-2023 оқу жылы өте танымды, білім беру жолындағы маңызды орынға ие оқытушылардың біліктілігін арттыру семинар және әдістемелік күндері өтілді. Сонымен қатар мектебіміз республика көлемінде семинарды да өткізді. Осы аталған іс шараларда мектебіміздің әр мұғалімінің шеберліктері көрсетіліп марапталып өтті. Аудандық әдістемелік кунде мектебіміздің бірнеше мұғалімдері өз сабақтарын көрсетіп өтті және де ауданның білім бөлімі басшысының «Алғыс хаты» мен марапатталды.
А) 2022-2023 оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырып өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда № 31053 болып тіркелген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отыра мектепшілік №60 бұйрықпен 2023 жылдың 1-31 мамыр аралығында өткізілген мектептегі өзін - өзі бағалау бойынша құжаттар жинақталып педагогикалық кеңесте қаралды.
Ә) Емтиханға жіберу және оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы педагогикалық кеңестің шешімі нәтижесінде жіберіледі. Емтихан кестесі мен емтиханға дайындық кестесі құрылып пән мұғалімдеріне таныстырылды. Емтихан 02 маусымда басталып 9-сыныптар үшін 13 маусымда аяқталып, 11 сыныптар үшін – 19 маусымда аяқталады деп айтып өтті. Емтиханға берілетін оқушы тапсырмалары мектептерге таңғы 08:00 де келетіні айтып өтілді.
Б) «Үздік», «екпінді» оқушылардың тізімі, марапатталуы туралы да хабарлама беріп өтті. Осы оқу жылында жалпы 22 сынып комплектісімен аяқтадық. Жалы оқушы саны-380. Осы оқушылардың ішіндегі үздіктер – 89 оқушы және екпінді оқушылар саны-121 құрады. Оқу жылын -63% аяқтадық. 31 мамыр күні жұмыс жиыны ұйымдастырылып 1-10 сыныптар қатысатыны және осы жиында «үздік» оқуды аяқтаған оқушылар марапатталатыны айтылып өтті. 1 маусым кұні аудан әкімінің қатысуымен «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты 11 сыныптарға үлкен жиын ұйымдастырылатыны хабарланды.
ІІІ Тыңдалды
Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Әбдірайымова сөз алды. Жазғы лагердің ұйымдастырылуы туралы сөз алды. Биылғы оқу жылында 2 ауысымда өткізі жоспарланып отыр және 02 маусымнан басталатыны хабарланды. 02 маусым рәміздер күніне орай орталық алаңға оқушылар арасында вело жарысы ұйымдастырылатыны айтылды. 05 маусы ашылуы болып 1 және 2 маусымның жұмыс жоспары талқыланды. Жазғы лагер атауын «Этно ауыл» деп аталып келетін оқушылар саны -100 оқушыға жуық деп бекітілді. Мектеп мұғалімдерінен 30 ға жуық мұғалімдер жазғы лагерде жұмыс жасайтыны айтылды.
ІҮ Тыңдалды
Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша мектебіміздің кәсіподақ ұймының төраймы А.Н.Бейсенбаева сөз алды. Кәсіподақ жұмысының жылдық есебін беріп өтті. Ұстаздар мерекесі қарсаңында аудандық кәсіподақ ұйымының атынан 30.09-2.10 аралығында «Дисковри» демалыс орнына Жадыра Тоқтаровнаға тегін жолдама беріліп, демалып қайтты. Қарттар күні мерекесіне орай, мектебіміздің ардагер ұстаздарын мектепке шақырып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерт барысында сыйлықтар табысталып, мерекелік дастарқанмен жалғасты. Сыйлыққа 20 000 теңге жұмсалды. Мерекелік дастарқанға 40 000 теңге жұмсалды. Есебаев Алмас 20000 теңге қаржылай көмек көрсетті. 20 000 теңге кәсіподақ ақшасынан берілді. «Ұстаздар күні» мерекесін атап өтуге кәсіподақ ұйымының атынан қаржылай 200 000 теңге( екі жүз мың теңге) ақша бөлінді. 200 000 – 20 000- 20 000=160 000 теңге, ұстаздардың келісімімен 28 қазан күні мектебімізде өткен республикалық форумға жұмсалды. 3-1 қараша күндері Шучинс қаласынада «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы -2022» облыстық байқауы өтті. Байқауға кәсіподақ мүшелері қатысып, белсенді қатысқаны үшін мадақтама және сыйлықпен марапатталды. 18.11.22ж. Мектеп атына Білімді ел газетіне 2 дана 2242 теңгеден, 4484теңгеге, Аршалы айнасы газетіне 2 дана 1800 теңгеден 3600теңгеге жазылдық. Жалпы: 8084 тг. 15 желтоқсан Кәсіподақ ұйымының атынан «Жаңа жыл» мерекесін атап өтуге қаржылай қаржылай 667 000 тенге( алты жүз алпыс жеті мың теңге 00тиын ) ақша бөлінді. Мектептің Жаңа Жыл шыршасына ойыншыққа 15 000 теңге берілді.
28 желтоқсан күні мектеп қызметкерлерінің балаларына арналған кәсіподақ шыршасы өтті. Аяз ата дорбасына 6050 теңгеге тәттілер алынды. 100 000 теңге мерейлі жасқа толған қызметкерлерге сыйлық беруге алынды.
667 000 – 8084 – 15000 – 6050-100 000=537 866 теңге қалды. Қалған ақшаға 70 қызметкерге жаңа жылдық сыйлық берілді. 5 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімі Далагул Сапабековна мерейлі зейнет жасқа толуына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кешті мектеп директоры Гулнар Мырзахметқызы құттықтау сөзімен ашып, мектеп ұжымының атынан сыйлық табыстады және аудандық білім бөлімінің кәсіподақ төрайымы Баймулдина Гульнар Бекеновна, Далагул Сапабековнаны құттықтап мадақтамамен сыйлық табыстады. Кешке ардагер ұстаздармен Далагул Сапабековнаның шәкірттері өздерінің жүрек жарды тілектерін арнады. 15 ақпан Қойшыбай Нұрсұлтан Оразбекұлының ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагерлері күніне орай іс – шара өтті. Іс – шараға қатысқан ауған соғысы ардагерлеріне 5265теңгеге сыйлық берілді. 2022 - 2023 оқу жылы барысында оқушыларды олимпиадаға дайындаған ұстаздарға 5000 теңгеден 12 ұстазға сертификат берілді. 1000 теңгеден ұстаздарға, 1500 теңгеден кіші қызметкерлерге сыйлық берілді. 8 Наурыз мерекесін тойлауға аудандық кәсіподақ атынан қаржылай 150 000 теңге бөлінді. Жалпы 34 ұстаз, 13 кіші қызметкерге сыйлық берілді.
Ү Тыңдалды
А) Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша болжалды еңбекпен қамту жұмыстары туралы айтылды. 9-11 сынып жетекшіліері А.М.Саржанова, А.А Әбдірайымова, А.Қ.Сембиева сөз алды. 9 сыныптан кейін орта оқу орындарына (колледждерге) кететін оқушылар тізімін атап өтті. Оқушылардың көп бөлігі елордадағы оқу орындарын таңдап отқандарын айтып өтті. 11- сынып оқушылары ҰБТ ға дайындалып жүргендері және соңғы емтиханнан кейін ғана оқу орындарға түсу туралы нақты мәліметтерді беретіндерін айтып өтті.
Ә) Күн тәртібіндегі келесі мәселе педагогтарды тамыз кеңесіне марапаттауға ұсыну жайы сөз болды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі2021 жылғы 29 шілдедегі№ 372 бұйрығын негізге ала отырып, ережеге сай педагогтардың жетістіктерін ескере отырып, бір ауыздан төмендегі мұғалімдер марапаттауға ұсынылды.
"Ы.Алтынсарин" төсбелгісі: Байдилдина Гулнар Мирзахметовна
"Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі: Бимендина Акмарал Мухтархановна
"Білім және ғылым министрінің Алғысы» : Әбдірайымова Айнұр Асхатқызы
"Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы": Молдабай Амандық
"Орта білім беру iсiнiң үздiгi" Князова Күнсұлу Жаппарбердиевна ұсынылды.
Педагогтардың жетістіктері мен наградалары ұсынылған кестеге сай толтырылып, аудандық білім бөліміне жолдануы керектігі жайлы айтылды.
Қаулы қабылданды:
1.1 № 4 кеңес қаулыларының орындалу жұмыстары жүргізілсін.
2.1 Оқу жылының аяқталуы жақсы деп танылсын.
2.2 оқу жылын аяқтау туралы бұйрықпен таныстырылсын.
2.3 емтиханға жіберілсін және оқушыларды келесі сыныпқа көшірілсін.
2.4 «Үздік», «екпінді» оқушылардың тізімі бекітіліп, марапатталсын.
3.1 Жазғы лагердің ұйымдастырылып, жұмыс жоспары бекітілсін.
4.1 Кәсіподақ ұйымының есебі жақсы деп танылсын.
5.1 Болжалды еңбекпен қамту жұмыстары жалғастырылсын.
5.2. Педагогтардың жетістіктері ескеріле отырып, аталған мұғалімдер ережеге сай тамыз кеңесіне марапаттауға ұсынылсын.
Мектеп директоры Г.М.Байдилдина
Хатшы Ж.М.Байкабулова