«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жылқы мінезді қазақ бәйге алатын тұлпарды бірден танып, сәйгүлікке құрық салып, мініске үйреткен. Бұл – ертеректе халқымыздың күнделікті тіршілігі болса, бүгінде нағыз өнерге айналды.

16.02.2024

Жылқы мінезді қазақ бәйге алатын тұлпарды бірден танып, сәйгүлікке құрық салып, мініске үйреткен. Бұл – ертеректе халқымыздың күнделікті тіршілігі болса, бүгінде нағыз өнерге айналды.
Асау үйретуді ойын балалары үлкендерден естігені болмаса, көзбен көргендері сирек. Ал Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Ж.Тәшенов атындағы мектептің 9-шы сынып оқушысы Ерасыл Аманғали атты мініске үйретудің шебері десе болады.
Ерасыл 13 жасынан бері әкесінің жанында жүріп, ат баптаудың қыр-сырын меңгерген. Он беске енді толған жас өрен үйірден кез-келген тайды құрықтап, мініске үйрете алады. Тіпті, талай мәрте тай жарыстарда қанжығасы да «майланған».
«Асау үйрету қанымызда бар қасиет, жылқының жанында жүріп, энергия аламын. Мүшелге толған жасымда әкем үйге екі байтал әкелді. Байталдың жабағысы бар. Сол жабағысын көріп, қатты қызықтым. Сосын көкпар атын ұстайтын Нәдірбек деген досым бар еді. Ол мені ылғи атқа мінуге шақыратын. Мен қорқатынмын. Қашатынмын одан»,-дейді шабандоз.

https://kaz.inform.kz/.../akmola-oblisinin-arshali.../

https://www.facebook.com/100023750792284/videos/1325723468127522/

Просмотров: 775


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст