«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АРШАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АРШАЛЫ КЕНТІНІҢ ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ - НІҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ заңды мекен –жайы Аршалы ауданы, Жолдаспаев көшесі,18.
403003 - Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын даярлауға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау – 57
403004 - Бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында ұзақ уақыт бойы өздерінің денсаулық жағдайына байланысты балаларға үйде жеке тегін білім беруді ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау - 0
803014 - Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқытушылар құрамына және оларға теңестірілген білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне біліктілік санаттарын тағайындау (растау) туралы құжаттарды қабылдау – 1
803005 - Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқасын беру – 2
403015 - Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 81
403008 - Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну – 52
2023 жылы барлығы 181 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпараттандыру мақсатында материал мектептің сайтында http://sc0029.arshaly.aqmoedu.kz/ және ақпараттық стендтерде орналастырылған.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы жұртшылықты хабардар ету мақсатында материал Аршалы ауданы «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайтында, Аршалы ауданы әкімінің сайтында және ақпараттық кеңестерде орналастырылады.
2023 жылы бенефициарлардан ешқандай шағымдар келмеді.
Жұмыс күндерін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліспен 13.00-ден 14.00-ге дейін келушілерді қабылдау кестесі.
Телефондар 871644 21229